БАСТЫ БЕТ

“Академия ғылыми ой-тұжырым орталығына айналуға тиіс. Сондай-ақ, сараптама жасайтын беделді мекеме болуы керек. Қара шаңырақтың рөлін арттыру аса маңызды. Сондықтан оған мемлекеттік мәртебе береміз…”

Қазақстан Республикасының Президенті | Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Біздің тарих

КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 26 қазандағы № 439 қаулысына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП(Б) ОК КСРО Ғылым академиясын құру туралы қаулы қабылдады.

Ғылым академиясының тарихы

КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 26 қазандағы № 439 қаулысына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП(Б) ОК КСРО Ғылым Академиясын құру туралы қаулы қабылдады.

1996 жылғы 11 наурызда «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №2895 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында Қазақстан Республикасы ғылым министрлігі – Ғылым академиясы етіп орталық атқарушы органға біріктірілді.

1999 жылғы 12 ақпанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №34 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы республикалық мемлекеттік мекеме түрінде құрылды.

2022 жылы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда Ұлттық ғылым академиясының 75-жылдығына арналған мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1003 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын (бұдан әрі – қоғам) құруға қаулы етті.

2023 жылғы 27 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №152 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 281 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталды.

Ұлттық ғылым академиясының бөлімшелері

ЖЕР, ҒАРЫШ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
 АГРОБИОРЕСУРСТАР ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ
ӨМІР ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ
БІЛІМ МЕН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ 

Отандық ғылымдағы соңғы оқиғалар мен жаңалықтарды қадағалаңыз