Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылы 3 қаңтарда «Ana tili» газетіне берген: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты кең көлемді сұхбатында өткен жылды қортындылай отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың басым бағыттарын белгілеп бергеніне куә болдық.
Президент өз сұхбатында өткен жыл еліміз үшін аса күрделі болса да, жүйелі экономикалық реформалар қолға алынғанын, алдағы бесжылдық дамуымыздың берік негізі қаланғанын, көптеген маңызды жоба мен бастама жүзеге асырылғанын талдап атап өтті. Ел дамуындағы ішкі және сыртқы саясаттан бастап, билік құрылымдарын реформалау, әлеуметтік-экономикалық, руханият, ғылым-білімге қатысты мәселелердің барлығы жан-жақты қамтылған.
Мақаланың толық мәтіні сілтеме бойынша: https://egemen.kz/article/379230-khalyqqa-senim-uyalatty
05 Қаңтар, 2025
Egemen Qazaqstan
Ақылбек КҮРІШБАЕВ, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті, ҚазҰАЗУ Басқарма төрағасы-Ректор