Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ МҰРАСЫ ТУРАЛЫ XI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ МҰРАСЫ ТУРАЛЫ XI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ

2025 жылдың 10 қазанында Абай облысы, Курчатов қаласында
ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен «Семей сынақ полигоны: мұрасы және ғылыми-техникалық әлеуетінің даму келешегі» XI Халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференцияға атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында жұмыс істейтін жетекші ғылымдар мен сарапшылар қатысып, қазіргі заманғы технологиялардың өзекті мәселелері мен халықаралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Бағдарламада пленарлық отырыстар, секциялық жұмыстардың тақырыбы атом энергетикасын дамыту мен реактор технологияларының жаңа буындарынан бастап, радиоэкология, таратпау, сутегі және термоядролық энергетика салаларына дейінгі кең ауқымды мәселелерді қамтыды.

Конференцияның маңызды бөлігі «Қазіргі атом энергетикасы: технологиялар, қауіпсіздік, серіктестік» тақырыбындағы дөңгелек үстел болды. Онда Қазақстан, Қытай, Жапония, АҚШ және Франция елдерінің сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, озық реакторлық технологияларды, шағын модульдік реакторлар мен тұйық отын циклі жүйесін дамытудағы халықаралық тәжірибе мен тәсілдерді талқылады.

Қатысушылар ғылыми бағдарламаның мазмұндылығын және кәсіпорынның бірегей зерттеу инфрақұрылымы мен заманауи мүмкіндіктері көрсетілген негізгі объектілер мен алаңдарға ұйымдастырылған техникалық турдың жоғары деңгейде өткенін ерекше бағалады. XI Халықаралық конференция Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта дамытуға және жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған халықаралық процестерге жауапты қатысушы ретіндегі рөлін тағы да айқындады.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары белгіленіп, бұл бастамалар орнықты дамудың жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететіні атап өтілді.