Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Қазақстан Республикасындағы ғылым туралы

Қазақстан – бай тарихы мен ежелгі ғылыми дәстүрлері бар, әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикалардың қатарына кіруге ұмтылған үлкен мүмкіндіктер елі.


Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет.


Қазақстан Республикасы өткен жылдардағы зерттеушілердің ғылыми мұрасы мен тәуелсіздік дәуіріндегі отандық ғылыми жетістіктерді біріктіру арқылы құрылған қуатты ғылыми-техникалық әлеуетке ие.

Ғылым тарихы

Қазақстандағы ғылым тарихы бірнеше ғасырды қамтып, терең көне дәуірлерден бастау алады. Ежелгі замандардың өзінде-ақ ұлан-ғайыр далада мекендеген көшпелі халықтар мал шаруашылығы, металлургия және астрономия салаларында білім қалыптастырды. Олар уақытты есептеудің күрделі жүйелерін жасап, жұлдыздардың қозғалысын зерттеген, бұл ата-бабаларымыздың жоғары интеллектуалдық деңгейін айғақтайды. Алайда Қазақстанда ұйымдасқан ғылыми қызметтің қалыптасуы кейінгі кезеңге, XX ғасырдың басына жатады. Бұл үдеріс 1905 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институтының және 1909 жылы Красноводопад тұқым шаруашылығы станциясының құрылуымен байланысты. 1920 жылдардың ортасында ҚазАКСР Халық ағарту комиссариаты жанынан академиялық орталық ұйымдастырылды. 1925 жылы Алматы қаласында алғашқы Қазақ санитарлық-бактериологиялық институт ашылды. Республикалық Ғылым академиясын ұйымдастыру тарихы 1932 жылғы 8 наурыздан бастау алады. Осы күні КСРО Ғылым академиясының президиумы Базалар мен филиалдар жөніндегі комиссияның ұсынысын қарап, зоологиялық және ботаникалық екі сектордан тұратын Қазақстандық базаны құру туралы шешім қабылдады. 1938 жылғы қарашада бұл база КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалына айналды. Ол республикадағы ең ірі ғылыми мекеме болды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында мұнда 100-ге жуық ғылыми қызметкер еңбек етті, олардың ішінде 3 ғылым докторы және 14 ғылым кандидаты болды. 1940 жылдардың басына қарай республикада 12 жоғары оқу орны, 11 ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық ұйым, 2 жобалау институты, 2 ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, 6 зауыттық ғылыми-зерттеу және конструкторлық бөлімше, сондай-ақ Алматы қаласында ботаникалық бақ пен зоологиялық парк жұмыс істеді. 1946 жылғы 31 мамырда «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» қаулы қабылданды. 1946 жылғы 1 маусымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындары ұсынған кандидаттар арасынан (76 ғылым докторы мен ғылымға еңбек сіңірген қайраткерлер) Академияның алғашқы құрамын бекітті. 1950–1980 жылдары Қазақстан экономикасының даму қарқыны жалпы Одақтық көрсеткіштен жоғары болды. Бұл кезең қарқынды ғылыми-техникалық прогреспен қатар жүрді. Республикада жаңа ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдар құрылды, олардың ішінде Ғылым академиясы құрамындағы 6 институт болды. 1980 жылдардың басында Қазақстанда 140 ғылыми мекеме жұмыс істеп, онда 21,1 мың адам еңбек етті. Ғылыми әлеует негізінен Ғылым академиясында шоғырланды: оның құрамында 31 ғылыми мекеме, оның ішінде 24 ғылыми-зерттеу институты болды. Академия ғалымдары экономика мен ғылымның іс жүзінде барлық бағыттары бойынша зерттеулер жүргізді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін республикада ғылымды дамытуға жаңа көзқарастар қалыптаса бастады. Бұл үдеріс Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу міндеттерімен тығыз байланысты болды. Ғылыми-техникалық саясатты дербес қалыптастыру және ғылымды басқару жүйесін құру мәселелері 1992 жылғы қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» Заңның негізіне алынды. 1996 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі біріктіріліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы орталық атқарушы орган – Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы болып құрылды. Президент Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік басқарудың бірыңғай органы болып айқындалып, мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыратын құрылым ретінде белгіленді. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Ғылым академиясына «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мәртебесі берілді. 2022 жылы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе қайта берілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған мерейтойлық сессияда сөйлеген сөзінде мәлімдеді: «Академия ғылыми ойдың орталығына және сараптамалық қызметті жүзеге асыратын беделді құрылымға айналуға тиіс. Оның рөлін арттыру біз үшін аса маңызды. Осыған байланысты Академияға мемлекеттік мәртебе беріледі…». Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №1003 қаулысымен жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. 2023 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің №152 «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі №281 қаулысымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы деп қайта өзгертілгені туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі ғылым

Елде ондаған жыл ішінде әртүрлі ғылыми салада, соның ішінде геология, металлургия, химия және т.б. белсенді жұмыс атқаратын университеттер, ғылыми ұйымдар мен институттар ашылды. Қазақстан елеулі үлес қосқан саланың бірі – ғарыш ғылымы. Қазақстанда орналасқан «Байқоңыр» ғарыш айлағы ғарыш аппараттары мен жер серіктерін ұшырудың негізгі базасына айналды. Қазақстан көмірсутектер мен күн энергиясын қоса алғанда мол табиғи ресурстарға ие. Басым бағыттың бірі – энергетика және баламалы энергия көздерін дамыту. Еліміз жаңа технологияларды дамыту және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша белсенді жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақстанда биотехнология, медицина, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы ғылымдары және т.б. салаларда табанды зерттеулер жүргізілуде. Жергілікті ғалымдар сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерін зерттейді, аурулармен күресудің жаңа әдістерін әзірлеп, мәдени мұраларды зерттейді. Бұның сыртында да талай істер атқарылып жатыр. Қазақстан ғылыми зерттеулер саласында да басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Бұл білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жалпы әлемдік ғылымның дамуына ықпал етеді. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында ғылыми-техникалық саланы басқару жүйесі бірнеше рет өзгеріс болды. Елімізде ғылымның дамуына жауапты Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылып, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясында реформалар жүргізілды. Атап айтқанда академияға мемлекеттік мәртебе берілді. Ғылыми зерттеулерге, инновацияларға, ғылыми қауымдастықты дамытуға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан ғылымдағы жетістіктерімен мақтанады және әлемді жақсарту, инновацияландыру үшін ғылым мен технологияны дамыта