Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жетілдіру мәселелеріне арналған өңірлік семинар-кеңес өтті - El.kz

Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жетілдіру мәселелеріне арналған өңірлік семинар-кеңес өтті - El.kz

Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын жетілдіру мәселелеріне арналған өңірлік семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Іс-шара ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев өз сөзінде өнімділіктің негізгі факторы - сапалы тұқым екенін атады. 

Ғалымдардың дерегінше, егіннің 25 пайызы тұқым сапасына байланысты. Алайда Қазақстанда сорт жаңарту мен сорт алмастыру жеткілікті деңгейде жүргізілмей отыр, сондықтан өнімділік әлі де төмен. Мәселен, 2012–2021 жылдары дәнді дақылдардың орташа өнімділігі небәрі 6%-ға өссе, Канадада бұл көрсеткіш 28%-ға жеткен.

Семинар барысында тұқым қозғалысын бақылаудың цифрлық жүйесі таныстырылды. Оны ҰҒА ғалымдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен ҚБТУ мамандарымен бірлесіп әзірлеген. Жүйе тұқым өндіруден бастап тауар өндірушіге дейінгі процестерді толық қадағалап, жалған деректердің алдын алады, мемлекеттік субсидияларды әділ бөлуге және сорт авторларына роялти төлеуге мүмкіндік береді.

Жаңа жүйе пилоттық режимде Алматы облысының тұқым шаруашылығы субъектілерінің базасында іске қосылды. Іс-шараға мемлекеттік органдар өкілдері, халықаралық сарапшылар, фермерлер, ғалымдар мен бизнес өкілдері қатысты.

 

Сілтеме: https://el.kz/auyl-sharuashylygynda-tuqymdardy-tsifrlyq-qadagalau-zhuyesi-engiziledi_400036435/