Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстанда алғаш рет көміртекті агроклиматтық полигон құруда - adyrna.kz

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстанда алғаш рет көміртекті агроклиматтық полигон құруда - adyrna.kz

Ғаламдық климаттың өзгеруі және парниктік газдар бөлінділерін азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелер аясында көміртекті егіншілік аграрлық секторды дамытудың стратегиялық бағытына айналуда. Қазақстанның климаттық саясатында 2030 жылға қарай бөлінділерді 325 млн тонна СО₂-ға дейін қысқарту көзделген, бұл міндетті орындауда агросектордың белсенді ат салысуы қатысуы қажет.

 

Ауыл шаруашылығы Қазақстандағы парниктік газдардың екінші ірі көзі болып табылады — шамамен 33 млн тонна СО₂-эквиваленті (жалпыұлттық бөлінділердің 9,3%-нан). Негізгі эмиссиялар – мал шаруашылығынан бөлінетін метан және тыңайтқыштардан шығатын азот тотығы. Дегенмен, дұрыс басқару жағдайында топырақ көміртекті бөлмей, керісінше жинақтай алады. Бұрын жер пайдалану және орман секторы көміртек сіңіруші болса, бүгінде жылына 4,1 млн тоннадан астам СО₂ шығаратын көзге айналған. Алайда сол жылы бөлінділердің 11,9%-ға төмендеуі дұрыс басқарудың әлеуетін көрсетіп отыр.

 

Көміртекті егіншілікті табысты дамыту үшін Қазақстанда агроэкожүйелердегі көміртекті басқарудың жүйелі моделі қажет. Мемлекет басшысының климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және 2060 жылға қарай Қазақстан Республикасының көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстанда алғаш рет «Kaz Agro Carbon» атты көміртекті агроклиматтық полигон құруда. Жоба бойынша серіктестер – Ресей ғылым академиясының Аграрлық экология федералдық ғылыми орталығы. Алғашқы полигон Қазақстанның далалы аймағында, Ақмола облысында орналасқан А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы базасында орналасатын болады.

 

Агроклиматтық полигон «Kaz Agro Carbon» көміртектік баланс пен парниктік газдарды өлшеу, модельдеу, болжау және басқару үшін тиімді алаңға айналады. Екі елдің ғалымдары Солтүстік Қазақстанның әртүрлі экожүйелерінде бөлінділерді азайту және көмірқышқыл газын сіңіруді арттыруға бағытталған технологияларды әзірлеп, сынақтан өткізетін болады.

 

Сілтеме: https://adyrna.kz/kk/post/1236505