Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы

Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы

Басқарма Президенті,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

1961 жылы 13 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Профессор және ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Еңбек жолын 1983 — В.Уильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында Агро-Топырақтану бөлімінің зертханашысынан директордың орынбасарына дейін жұмыс істеді.

1997 — А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалды.

2002-2005 — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылым департаментіннің директоры.

2007 — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі.

2008 — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.

2011 — Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (ҚазАТУ) ректоры.

2022 жылғы 1 қарашадан бастап – «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры.

2024 жылғы 22 қаңтардан бастап — Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті

 

Марапаттары

«Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі

«Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі

Сыйлықтың лауреаты. А. И. Бараева

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі

Құрмет Ордені

«Парасат» Ордені