Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы
Вице-президент,
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
1956 жылғы 25 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі станциясында дүниеге келген.
Физика-математика ғылымдарының докторы, Профессор, және ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі..
Еңбек жолын 22.12.1980 Қазақ КСР ҒА Математика және механика институтының кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, жетекші ғылыми қызметкері, бас ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі.
1990 – Он екінші және он үшінші сайлаудың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ғылым, білім және жаңа технологиялар комитетінің Ғылым жөніндегі кіші комитетінің төрағасы.
1995 – осы уақытқа дейін Математика және математикалық модельдеу институты, зертхана меңгерушісі, жоба жетекшісі, бас ғылыми қызметкері.
2004 – осы уақытқа дейін Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры.
2023 – осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті.
Марапаттары:
Американдық математикалық қоғамдастықтың, халықаралық ғылыми қордың (Сорос қоры) INTAS (бұрынғы КСРО оқу орындарымен ынтымақтастықтың халықаралық қауымдастығы) гранттары
Александр фон Гумбольдт стипендиясы
Швеция корольдік Ғылым академиясының гранты
Jsps гранты (Жапонияның ғылым ынтымақтастығы қоғамы)
INTAS гранты
Көрнекті ғалымдарға арналған Қазақстандық мемлекеттік стипендия
Қазақстан Білім министрлігінің «Жоғары мектептің үздік профессоры» гранты
Көрнекті ғалымдарға арналған Қазақстандық мемлекеттік стипендия
Қазақстан Республикасының Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы
Хорезми атындағы Халықаралық сыйлық (Иран Ислам Республикасы)
Алматы қаласының құрметті азаматы
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие