Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы «1st business and science event» форумын өткізді. Форумға 300-ге жуық ғалым мен кәсіпкер қатысты.
«1st business and science event» форумының мақсаты ғылым – өндіріс – бизнес арасындаға байланысты нығайту. Шара аясында беделді бизнесмендер мен ғалымдар тәжірибе алмасып, әр түрлі тақырыпта шеберлік дәрістер өтті. ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА және Физика-техникалық институты «Майами solar» және «Tau nano group» ЖШС-мен үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Форум барысында ғалымдардың коммерциализацияға дайын тәжірибелік үлгілерін қамтитын ғылыми-инновациялық көрме өтті.