Академия делигациясы Ресей Федерациясында

 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Президенті Күнсұлу Закарья бастаған делегация Мәскеу облысындағы Дубна қалашығына барды.

Аталған мекен халықаралық ғылыми-зерттеу ұйымы ретінде белгілі.Қазақстан Біріккен ядролық зерттеулер институтының мүшесі. Егеменді ел ретінде 1992 жылдан бастап ұйым құрамында. Ұйымда Қазақстаннан өзге тағы 15 мемлекет бар.Қазақ делегациясы ұйым басшылығымен кездесіп, В. И. Векслер және А. М. Балдин атындағы жоғары энергетикалық физика зертханасы жұмысымен, И. М. Франка атындағы нейтронды физика зертханасымен, В.П. Желепов атындағы радиациялық биология мен ядролық мәселелер зертханасын, М. Г. Мещеряков атындағы ақпараттық технологиялар зертханасының жұмысын көрді. Делегация Біріккен ядролық зерттеулер институтының одан өзге де жұмысымен танысты.