Баспасөз баяны

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті 26 қазан күні  «Жас ғалымдардың диалогы: Science Talks» III халықаралық форумын өткізеді.

Форумға АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Польша, Малайзия, ҚХР, Түркия, Гонконг, Австралия, Греция, Пәкістан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан елдерінен 500-ден астам жас ғалым мен зерттеушілер қатысады.

26 қазанда ғылымның 7 бағыты бойынша пленарлық және секциялық отырыстар өтеді. Олардың жұмысына ҚР ҒЖБМ, «Ғылым қоры» АҚ, «Clarivate» халықаралық компаниясының өкілдері, қазақстандық жоғары оқу орындары мен ҒЗИ жас ғалымдары, сондай-ақ колледждердің, зияткерлік мектептер мен гимназияның жас зерттеушілері қатысады.

27 қазан күні «Жас ғалымдар мен жас зерттеушілердің ғылыми жетістіктері» көрмесі өтеді.

Сондай-ақ, әлемнің жетекші ғалымдары Вэньфэн Лю (ҚХР h-index 26) және А.В. Трухановтың (Беларусь h-index 73) шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Олар  Kendrick Dawis White (АҚШ) ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерцияландыру тәжірибесімен бөліседі.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы Clarivate халықаралық компаниясының ресми өкілі Л.А. Мұқашева WOS базасында индекстелетін рецензияланатын журналдарда мақаланы жариялау бойынша семинар өткізеді.

Құрметті БАҚ өкілдері аталған шараға ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!

Уақыты: 26-27 қазан 2023 ж., сағат 10-00

Өтетін орны: Абай даңғылы 8, Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінің бас корпусы. Акт залы.

Байланыс: Арман Құдайберген – ҚР ҰҒА Баспасөз хатшысы, +7 707 266 66 95