Үлкен Еуразия елдері жас ғалымдарының «Ғылым континенті» академиялық форумы

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының делегациясы Мәскеу қаласында өтіп жатқан Үлкен Еуразия елдері жас ғалымдарының «Ғылым континенті» академиялық форумына қатысуда.
Форум Ресей Ғылым академиясының 300 жылдығына арналған. Мұнда өзекті ғылыми зерттеулерді өндіріске айналдыруды көздеген Еуразия құрлығындағы ең мықты ғалымдар бас қосты.
Академия делегациясы отандық ғылымның болашағы, даму қарқыны мен ерекшеліктері жайлы шетелдік әріптестерімен ой бөлісуде. Одан өзге жаһандық ғылымның артықшылықтары да талқыға түсті.
Форум алаңдарында беделді ғалымдардың жетекшілігімен алты бағыт бойынша тақырыптық ғылыми секциялар жұмыс істеуде.