Баспасөз баяны

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Литва университетінің делегациясын қабылдады. Екі ел арасындағы ғылыми байланыс жыл өткен сайын жанданып келеді. Осыны ескерген тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, ортақ жобалар әзірлеуге уағдаласты.  

Аталған басқосу Астана қаласындағы Ұлттық биотехнология орталығында өтті. Литва университетінің өкілдері профессор, халықаралық қатынастар және оқыту орталығының деканы Ингрида Янулевичене, профессор Дайнюс Павалкис және халықаралық әріптестік бөлімінің басшысы Гинтар Дилюнене Ұлттық биотехнология орталықтың озық әзірлемелерімен танысты.  

Кездесу тек қана өзара байланыс орнату ғана емес, елдер арасындағы денсаулық сақтау, Биотехнология және медицина ғылымдары саласындағы жаңалықтар ашуға сеп болады.

Құрметті БАҚ өкілдері аталған шараға ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!

Уақыты: 29 қараша 2023 ж., сағат 09-30:11:30

Өтетін орны: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 13/5 ғимарат, «Ұлттық биотехнология орталығы» Конференц залы.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 707 4793751 телефонына хабарласыңыз