Ағымдағы жылдың 25-27 желтоқсан аралығында Түркияның Ғылыми-технологиялық зерттеу кеңесі мен Түркі академиясының ұйымдастырумен өткізіліп жатқан «Өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу үшін түркітілдес мемлекеттер арасындағы ғылыми негізделген көпжақты ынтымақтастық пен бірлестік» шарасы өткізілуде. Семинар ғылым мен технология салаларында бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларды әзірлеу, білім мен тәжірибе алмасуға жәрдемдесу және түркі елдерінің әлеуетін арттыру үшін ынтымақтастықтың негізгі маңызды тақырыптарын анықтауға бағытталған.
Семинар барысында Түркі мемлекеттерінің ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, Түркі Академиясы Президенті профессор Шахин Мұстафаев, Түркия ғылым академиясы Президенті Мұзаффер Шекер, Түркияның ғылыми-технологиялық зерттеу кеңесінің Президенті Хасан Мандал, Нобель сыйлығының лауреаты, Чапел Хиллдегі Солтүстік Каролина университетінің профессоры, доктор Азиз Санкар (виртуалды қатысу).
Сонымен қатар, Әзірбайжан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы және Татарстан Ғылым академиясы өкілдері түркі елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіріп, ынтымақтастықты дамытатын платформа мен ортақ зерттеу тақырыптары туралы өз ойларын ортаға салды.
Шара аясында Академия Президенті Күнсұлу Закарья Қазақстан Республикасы ғылымының негізгі басымдықтары мен мәселелері туралы баяндамасын жасады. Семинар соңында жасанды интеллект, жасыл энергетика, жаңартылатын энергия көздері, су ресурстары мен экология мәселелері, қорғаныс өнеркәсібі, спутниктік технологияларды және бейбіт ғарыштық технологияларды дамытудағы ынтымақтастық тақырыптары аясында зерттеу жұмыстарын жүргізу ұсынылды.