Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысын өткізді. Жиында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды.
Негізгі міндет — елдегі ғылымды дамытудың басымдықтарын айқындау, сондай-ақ Мемлекет басшысының ғылыми қоғамдастықпен тікелей байланыс арнасын қалыптастыру. Сонымен бірге, қазір «Ғылым мен технологиялық саясат туралы» заң жобасы талқылану үстінде.
Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өтті.
Осыған орай, бүгінгі өткен кеңесте Президент отандық ғылымды дамытудың бес бағыты бойынша Үкіметке бірнеше тапсырмалар берді.
Кеңесте тағы бір маңызды қадам жиында айтылған шетелдік ғылыми орталықтарда жұмыс істеп жүрген ғалымдарымызды елге қайтару туралы ұсынысты қолдайтынын айтты. Қ.Тоқаев озық ойлы ғалымдарды тарту бағытындағы әлемдік тәжірибені терең зерттеп, кәсібилігі жоғары шетелдік мамандарды ел игілігіне жұмыс істетудің барлық мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.
ҚР Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясынан Басқарма Президенті Ақылбек Күрішбаев, екі Вице-Президенттер Асқар Жұмаділдаев, Дос Сарбасов және Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің Президиум мүшелері Бейбіт Абдикенов, Асия Ермухамбетова, Еламан Айбулдинов кіреді.
2024 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесінің кезекті отырысындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының Басқарма Президенті
А. Күрішбаевтің баяндамасының толық мәтінімен төмендегі құжаттан таныса аласыздар: