Академиктердің саны емес, сапасы маңызды — EGEMEN QAZAQSTAN

Алматыда Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңадан сайланған академиктерін ғылыми қоғамдастыққа ресми таныстыру салтанаты өтті. Іс-шараға еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми ұйымдардың басшылары, танымал жетекші ғалымдар, Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Соңғы уақыттары елі­міздің ғылым саласында жасалып жатқан жү­йелі реформалар нәтижелі бет­бұрыстарға жол ашады деген сенім мол. Жаңа жүйенің негізгі элементі – мемлекеттік мәртебе берілген, Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясын құру идеясы болды. Жа­қында қабылдан­ған «Ғылым және технология­лық саясат туралы» заңға сәй­кес ­ол елдегі жалғыз жо­ғары ғылы­ми ұйым атанғаны мә­лім. Алқа­лы жиынды ашқан Президент жанындағы «Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық ғы­лым академиясы» КеАҚ басқар­ма пре­зиденті Ақылбек Күріш­баев ұйым­ның жоғары мәрте­бе­сі ғылыми қауымдастыққа үл­­кен жауапкершілік жүктейті­нін, қа­зіргі әлемде өркендеу мен ла­йық­ты бәсекелесу үшін ғылым праг­матикалық және нәтижелі бо­луы керектігін атап өтті.

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН

28 ТАМЫЗ 2024

Арман ОКТЯБРЬ

Мақаланың толық нұсқасы: https://egemen.kz/article/371061-akademikterdinh-sany-emes-sapasy-manhyzdy