Ұлттық ғылым академиясына қабылданған академиктер таныстырылды — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясына жаңадан сайланған академиктер таныстырылды. Оларға дипломдар мен арнайы төсбелгілер табысталды. Шараға жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының басшылары және жас ғалымдар қатысты.

Бүгін 9 адам Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды. Олардың қатарында Асқар Жұмаділдаев, Серік Ақшолақов, Ақылбек Күрішбаев, Вячеслав Локшин сынды есімі елге танымал ғалымдар бар. Бірі медицина саласындағы, енді бірі ауыл шаруашылығы саласында еңбектеніп жүр.

Бейне баянның толық нұсқасы: https://qazaqstan.tv/news/198383/