2024 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) академиктерінің жалпы жиналысында Ғылыми әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс, сілтеме https://ru.qazscience.gov.kz/science-kazakhstan/code-scientific-ethics/) бекітілді.
Кодекс ғылыми зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және басқару, ғылыми нәтижелерді пайдалану және ғылымның дамуы, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы көпшілік алдында сөйлеу процесінде этикалық мінез-құлық стандартын айқындайды. Кодексті әзірлеу кезінде ғылым саласындағы әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесі мен Академия мүшелерінің, Академияның жас ғалымдар кеңесі мүшелерінің және Қазақстан Республикасының басқа да ғалымдарының ұсыныстары ескерілді.
Кодекстің ережелерін Қазақстан Республикасының ғылыми, ғылыми және техникалық қызметінің басқа субъектілері ғылыми этиканы сақтау жөніндегі өз саясатын әзірлеу үшін негіз ретінде толық немесе ішінара қолдануға болады.