«БІЛІМ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫС ӨТТІ

2024 жылдың 16 қыркүйекгі күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған «Қазақстан ғылымының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты ғылыми-практикалық конференцияның аясында «Білім және қоғамдық даму» секциясының отырысы өтті.

Секция отырысына жоғары оқу орындарының өкілдері, жетекші ғалымдар мен сарапшылар және ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері қатысты.

Қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында еліміздегі әлеуметтік-гуманитарлық саланы дамыту мәселелерін, білім сапасын арттыру, заманауи спорт түрлерін цифрландыру мүмкіндіктерін, елімізде сапалы мамандар даярлау, Қазақстандағы ғылым мен білімнің байланысын, ғылыми зерттеулердің академиялық ортаға әсерін, цифрлық медиа жағдайында ғылымның әлеуметтік көңіл-күйге ықпалын, сондай-ақ Жолдаудағы идеяларды жүзеге асырудағы жас ғалымдардың рөлін талқылады.

Секцияның қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанда ғылымды дамытудың өзекті бағыттары бойынша, Президент Жолдауында белгіленген басымдықтарды ескере отырып, ұсыныстар берді.