Ғылым саласындағы сыйақыға және мемлекеттік ғылыми стипендия бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Ғылым саласындағы сыйақыға және мемлекеттік ғылыми стипендияға бір мезетте өтініш беруге бола ма?

2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларында (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033417) ғылым саласындағы сыйақы мен мемлекеттік ғылыми стипендияға бір мезгілде өтініш беруге шектеу қарастырылмаған. Осыған байланысты, ғылым саласындағы сыйақыға және мемлекеттік ғылыми стипендияға өтініш беруге болады.

 

Құжаттарды ақпараттық жүйе арқылы және ХҚКО арқылы қатар тапсыру қажет пе?

Жоқ, ақпараттық жүйе арқылы тапсыру жеткілікті.

 

Талдау әдістемесін аттестаттау сертификаты енгізу актісі болып санала ма?

Жоқ, себебі ол әдістеменің енгізілгенін растамайды.

 

Сыйақыға үміткердің ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама ЖОО проректоры немесе ҒЗИ директордың орынбасарының қолымен бекітілуі мүмкін бе?

Егер ол жұмысты ұсынған ұйымның басшысы міндетін атқарса ғана мүмкін.

 

Ғылым саласындағы сыйақыға ұсынылған жұмыстың барлық авторларының әрқайсысы 5 негізгі ғылыми жарияланымдарын қоса ала ма?

Жоқ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы «8» қазандағы № 482 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы «9» қазандағы № 642/НҚ бірлескен бұйрығының 7-тармағына сәйкес  (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/201806/kaz), ғылым саласындағы сыйақыға конкурсқа монографиялар, монография тараулары, мақалалар, патенттер, авторлық куәліктер түрінде (бесеуден аспайтын) ғылыми жұмыс ұсынылады.

 

Мемлекеттік ғылыми стипендияға үміткердің соңғы 5 жылдағы барлық жарияланымдарын тізімге қосу мүмкін бе?

Иә, мүмкін.

 

Мемлекеттік ғылыми стипендияға үміткер анкетада соңғы бес жылда Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген бірнеше дайындалған кадрларды көрсете ала ма?

Жоқ, жүйе тек бір доктор дәрежесін иеленген тұлғаны қосуды ғана қарастырады.

 

Мемлекеттік ғылыми стипендияға үміткер доктор дәрежесін алған кадрды дайындағанын, халықаралық коллаборацияны және басқа көрсеткіштерді, егер ақпараттық жүйеде растаушы құжаттарды жүктеу өрісі болмаса қалай растауы керек?

Бұл ақпарат ұйымның консультациялық-кеңесші органының ұсынысы (рекомендациясы) арқылы расталуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 536 бұйрығымен бекітілген  Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптардың  18-тармағына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007392), Консультативтік-кеңесші органның уәжделген қолдаухатында (ұсынымында) ізденушінің ғылыми үлесі туралы, оның жетістіктері мен жоғары баға алған және практикалық қолданыс тапқан әзірлемелері, сондай-ақ күтіліп отырған нәтижелер және олардың практикалық маңыздылығы көрсетілген ғылыми қызметінің бағдарламасы туралы мәліметтері көрсетіледі.

 

Ұсыныста үміткердің ғылыми қызметінің бағдарламасы болуы тиіс пе?

Иә, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 536 бұйрығымен бекітілген  Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптардың  18-тармағына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007392), Консультативтік-кеңесші органның уәжделген қолдаухатында (ұсынымында) ізденушінің ғылыми үлесі туралы, сондай-ақ күтіліп отырған нәтижелер және олардың практикалық маңыздылығы көрсетілген ғылыми қызметінің бағдарламасы туралы мәліметтері көрсетіледі.

 

Мемлекеттік ғылыми стипендияға үміткердің жұмыс орнынан алынған анықтамаға қойылатын талаптар қандай?

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 536 бұйрығымен бекітілген  Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптардың  19-тармағына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007392), ізденушінің негiзгi қызмет орнынан анықтамасында төмендегі мәліметтер көрсетіледі:

      1) тегi, аты, әкесінің аты;
      2) туған жылы, айы және күні;
      3) негізгі жұмыс (оқу) орны және қызметі;
      4) ғылыми және педагогикалық жұмыс өтілі немесе оқыған жылы (аспиранттар мен докторанттар үшін);
      5) ғылыми дәрежесі және оның берілген уақыты;
      6) үйінің және қызмет мекенжайы, телефондары және электрондық поштасы.

 

Ғылым саласындағы сыйақыға ұсынылған жұмыс сипаттамасы кімнің қолымен бекітілуі керек?

2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 536 бұйрықтың 4-тармағына сәйкес, жұмыс сипаттамасының титул бетіне үміткерлер қол қояды.

 

Ғылым саласындағы сыйақыға ұсынылған жұмыстың сипаттамасына кім қол қоюы керек?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 536 бұйрығымен бекітілген  Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптардың 4-тармағына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007392), жұмыстың  сипаттамасының титулдық бетіне ізденуші қол қоюы тиіс.

 

Ғылым саласындағы сыйақыға жұмысты авторлар ұжымы ақпараттық жүйе арқылы қалай тапсыра алады?

Авторлар ұжымы бір авторды тағайындауы керек, сол автор ақпараттық жүйеде өтініш жасап, барлық қосалқы авторларды қосады, қажетті барлық өрістерді толтырып, құжаттарды тіркейді. Қосалқы авторлар жұмыстың авторлығын және өз мәліметтерін растауы қажет, содан кейін өтінішке жауапты автор құжаттарды қол қойып, өтінішті жібереді.

 

Мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлерге оларды мемлекеттік ғылыми стипендияға ұсыну жөніндегі консультативтік-кеңесші орган отырысының хаттамасынан үзінді қоса беру қажет пе?

Жоқ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы «8» қазандағы № 482 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы «9» қазандағы № 642/НҚ бірлескен бұйрығының 8-тармағына сәйкес (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/201806/kaz), мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлерден бұл үзінді талап етілмейді.

Ұйымның консультативтік-кеңесші органынан тек дәлелді өтінішхаты (ұсыныс) талап етіледі.

 

Егер мақала жүйеде DOI бойынша табылмаса, оны қоса беруге бола ма?

Иә, болады. Жүйедегі жарияланымдар базасы InCites және SciVal деректерінен автоматты түрде қалыптасқандықтан, кейбір қателіктер болуы мүмкін. Ізденуші мәліметтерді өзі толтыра алады, ал баллдарды конкурстық комиссия анықтайды.

 

Мемлекеттік ғылыми стипендияға үміткер докторлық диссертациясын қорғауға дейін жарияланған ғылыми еңбектерін қоса ала ма?

Иә, 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларында (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033417), сондай-ақ 2021 жылғы 14 қазандағы № 517 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау үшін кандидаттарды іріктеу шарттарында (https://online.zakon.kz/m/amp/document/39074947) үміткерлердің докторлық диссертациясын қорғауға дейін жарияланған ғылыми еңбектерін қоса алуға шектеулер қарастырылмаған.

 

Құжаттарын ақпараттық жүйе арқылы тапсыратын үміткерлерге ғылым саласындағы сыйақы мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру ережелерінің 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген анкеталарды қоса беру қажет пе?

Анкетадағы барлық ақпарат ақпараттық жүйедегі тиісті өрістерге енгізіледі, сондықтан анкетаны қоса берудің қажеті жоқ.

 

Құжаттарды қабылдаудан уәжді бас тарту алғаннан кейін конкурсқа қайта тапсыру мүмкін бе?

Иә, бірақ құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін ғана мүмкін.

 

Ғылым саласындағы сыйақыға үміткерлікке ұсынылған жұмыстың қысқаша аннотациясын жүктеу үшін ақпараттық жүйеде өріс жоқ. Оны қалай қосуға болады?

Қысқаша аннотациядағы ақпарат жүйедегі келесі өрістерге енгізіледі: «Жұмыстың қысқаша сипаттамасы», «Жұмыстың ғылыми жаңалығы және алынған нәтижелердің ғылым үшін маңыздылығы» және «Алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы». Файлды қоса берудің қажеті жоқ.

 

Үш томдық монографияны үш жеке жарияланым ретінде ұсынуға бола ма?

Бұл талаптарда қарастырылмаған.

  

Журналдың квартилі мен процентилі қай жыл үшін ескеріледі?

Бұл сұрақ заңнамамен реттелмеген, бірақ, әдетте, жарияланған жыл немесе соңғы жыл ескеріледі.

 

Мақаланың Web of Science және Scopus дерекқорларында ең көп дәйексөздер бойынша Топ 1% немесе Топ 10% қатарына кіретінін қалай тексеруге болады?

InCites және SciVal аналитикалық құралдары арқылы тексеруге болады.

 

Енгізу актісін рәсімдеуге қойылатын талаптар қандай?

2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 536 бұйрықта енгізу актісін рәсімдеуге талаптар қарастырылмаған.

 

Ақпараттық жүйе бойынша сұрақтар мен ескертулер бойынша қайда жүгінуге болады?

Ақпараттық жүйе бойынша техникалық қолдау телефондары: +7 7172 73 50 89; 1818.