AMANAT партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында жоғары оқу орындарын ғылыми орталықтарға айналдыру міндеті қойылған. Бүгінде ғылым саласын дамыту бағытында жаңа заң күшіне еніп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Жаңа заңның тармақтары мен сала сарапшыларының ұсыныстары Жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген отырысында жан-жақты талқыланды.
Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, ҚР ҰҒА аппарат басшысы Ашыр Айтқалиев, Ұлттық биотехнология орталығының Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі, Ұлттық құрылтай мүшесі, PhD доктор Максат Жабағин және жас ғалымдар қатысты.
Жиынды ашқан Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ғылым саласында қарқынды реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң ғылыми қызметті реттеу мен дамытуға бағытталған негізгі құжатқа айналды.
Толық мәтін сілтеме бойынша: https://amanatpartiasy.kz/news/news-detail/311981?lang=kz