Ғылыми көшбасшылық және зерттеу тобын (команда) тиімді басқару туралы ғылыми академиялық семинар өтті

2025 жылдың 27 қаңтарында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастырумен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ғылыми көшбасшылық және командалық басқару» атты ғылыми-академиялық семинар өтті.

Семинардың негізгі спикері Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Темірбекова Жанар Амангелдіқызы ғылымдағы көшбасшылық (транзакциялық және трансформациялық түрлері), тиімді ғылыми топ (команда) құру, рөлдерді бөлу, жұмысты жоспарлау мәселелерін ғылыми теориялармен талдап, өз тәжірибесімен бөлісті.

Спикер семинар барысында үздік шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, адамның көшбасшы болуына әсер ететін ерекше қасиеттерін, іс-әрекеті немесе жағдайларын талдап, көшбасшылық моделінің толық спектрін, транзакциялық және трансформациялық көшбасшылардың сипаттамасын берді. Сонымен қатар, ғылыми ортадағы көшбасшылықтың маңыздылығына тоқталып, тиімді топ құрудың тәжірибелік әдістері мен ғылыми жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарымен бөлісті.

Спикердің пікірінше, тиімді топ құруда жеткілікті ресурстарды қамтамасыз етумен қатар, топ мүшелерін дұрыс таңдау, топтың әрбір мүшесінің белгілі бір қабілеттері мен дағдыларының болуы, жұмысты дұрыс жоспарлау жұмыс процесіне тікелей әсер ететін факторлар. 

Гибридті форматта өткен семинарға 300-ден аса жас ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, зерттеу топтары мен ғылыми жоба жетекшілері қатысты.

Семинар соңында қызу талқылау болып, қатысушылар өз сұрақтарына толымды жауаптар алып, спикерге, семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын жеткізді.

Спикердің презентациясы мен семинардың ZOOM жазбасы (запись) келесі сілтеме бойынша өтіп, жүктеп алуға болады.

«Ғылыми көшбасшылық және командалық басқару» ғылыми-академиялық семинарының презентациясы

https://docs.google.com/presentation/d/1WGJNkpoy4wwUvxWfmGx7S0naZvgn3JUI/edit?usp=sharing&ouid=105399273027662686708&rtpof=true&sd=true

«Ғылыми көшбасшылық және командалық басқару» ғылыми-академиялық семинарының ZOOM жазбасы (запись)

https://drive.google.com/file/d/1V3N_qbB9VobwBlGC0yrglHTN7yrPoc6D/view?usp=sharing