Жасанды интеллект саласына мамандар даярланады — EGEMEN QAZAQSTAN

Алматыда Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинмен кездесті.

Кездесуге ҚХР Алматы­дағы бас консулы Цзян Вэй, ғылым және білім жөніндегі консул Чжан Вэй, ғылыми зерттеу орталықтарының жетек­шілері, ғалымдар қа­тыс­ты.

Екі ел ғалымдары Чжэцзян технологиялық уни­вер­ситеті, ҚХР жоғары технологиялық компаниялар тобымен бірлесіп ашыл­ған «Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығының» жұ­мысымен танысып, ауыл шар­уашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, суды үнемдеу технологияларын дамытуға байланысты жобаларды талқылады.

Тараптар мұнымен қоса Чжэцзян технологиялық университетімен келісімге орай ашылатын «Кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект және тұрақты даму жөніндегі халықаралық бірлескен зертхананың» жобасымен танысып, жасанды интеллект және геоақпараттық жүйелер технологияларын қолдану арқылы су ресурс­тарын мониторинг жасау, табиғат апаттарының алдын алу, ауыл шаруашылығын цифрландыру және «ақылды егіншілік» технологияларын ен­гізудің өзектілігін атап өтті.

Толық мақала мәтіні: https://egemen.kz/article/381957-zhasandy-intellekt-salasyna-mamandar-dayarlanady

EGEMEN QAZAQSTAN
18.02.2025
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ