2025 жылдың 18 наурызында сағат 14.00 де ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастырумен «Қазақстандағы Ұлт саулығы экономикасын (1920-2020) пәнаралық зерттеу: әлеуметтік ғылымдарда модельдеу мен сандық деректерді талдау» тақырыбында ғылыми-академиялық кездесу өтті.
Кездесуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, экономист-математик, денсаулық экономикасының зерттеушісі, экономика ғылымдарының докторы Спанкұлова Ләззат Сейтқазықызы өз зерттеулері туралы баяндама жасады.
Спикер кездесу барысында әлеуметтік ғылымдарда модельдеу әдісін қолдану, пәнаралық зерттеулер, «Әлеуметтік ғылымдардағы Есептеу» (Computational Social Sciences), Big Data қалыптастыру және талдау теориялармен талдап, өз тәжірибесімен бөлісті.
Спикердің айтуынша, әлеуметтік ғылымдардағы есептеу мен Big Data, олар өзара тығыз байланысты, және де оларды зерттеу мен талдау әдістері ғарыш технологияларын дамыту сияқты күрделі әлеуметтік-экономикалық салалардағы үдерістерді терең түсінуге мүмкіндік береді, сондықтан талдау нәтижелерін пайдаланып, кадрлар даярлау, ғарыш жобаларын қаржыландыру және ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша ұсыныстар жасауға болады деп атап өтті.
Гибридті форматта өткен академиялық кездесуге 200- ден аса жас ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, зерттеу топтары мен ғылыми жоба жетекшілері қатысты.
Жиын соңында қызу талқылау болып, қатысушылар өз сұрақтарына толымды жауаптар алып, спикерге, семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын жеткізді.
Спикердің презентациясы мен кездесудің ZOOM жазбасы (запись) келесі сілтеме бойынша өтіп, жүктеп алуға болады.
«Қазақстандағы Ұлт саулығы экономикасын (1920-2020) пәнаралық зерттеу: әлеуметтік ғылымдарда модельдеу мен сандық деректерді талдау» академиялық кездесудің ZOOM жазбасы (запись)
https://drive.google.com/file/d/1pBeNISz2rCzAgEKb5qnL7hgBIZKIyj06/view?usp=sharing