«Ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері: заманауи тәсілдер мен талдау құралдары» атты кезекті QazScience ғылыми академиялық семинары өтті

2025 жылдың 28 наурызында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Narxoz University бірлесе «Ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері: заманауи тәсілдер мен талдау құралдары» атты кезекті QazScience ғылыми академиялық семинары өткізілді.

Семинардың спикері, экономика институты «Zertteu LAB» зертханасының меңгерушісі, ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА Жас ғалымдар кеңесінің Білім және қоғамды дамыту бағытының үйлестірушісі, PhD — Молдабекова Айсұлу Тұрсынбайқызы, ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен дизайны, нәтижелерін өңдеу жолдары туралы терең түсінік берді.

Спикердің айтуынша, ғылыми зерттеулер жүргізу – күрделі әрі жүйелі процесс. Ол белгілі бір кезеңдер мен қадамдардан тұрады. Зерттеудің әрбір түрінің өзіндік ерекшелігіне байланысты бұл кезеңдердің реті мен мазмұны өзгеріп отыруы мүмкін. Алайда, көптеген зерттеулер үшін ортақ құрылым бар. Бұл құрылым зерттеудің басынан аяғына дейін нақты жоспар құруға және нәтижелі жұмыс істеуге көмектеседі.

Гибридті форматта өткен академиялық кездесуге 200 ге жуық жас ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, зерттеу топтары мен ғылыми жоба жетекшілері қатысты.

Жиын соңында қызу талқылау болып, қатысушылар өз сұрақтарына толымды жауаптар алып, спикерге, семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын жеткізді.

Спикердің презентациясы мен кездесудің ZOOM жазбасы (запись) келесі сілтеме бойынша өтіп, жүктеп алуға болады.

«Ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері: заманауи тәсілдер мен талдау құралдары» ғылыми академиялық семинарының презентациясы

https://docs.google.com/presentation/d/1ST5MiPKPft07bYi0eQdk2fK5ChGBhnZt/edit?usp=sharing&ouid=105399273027662686708&rtpof=true&sd=true

«Ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері: заманауи тәсілдер мен талдау құралдары» ғылыми академиялық семинарының ZOOM жазбасы (запись)

https://drive.google.com/file/d/1gwKQ_9RRnFfCrj8VJ4rJK3YrXewCPj33/view?usp=sharing