
KAZ ROCKETS Қоғамдық қоры 2025 жылғы 1 маусымда Астана қаласындағы Қазақстан Ғарыш Сапары аумағында өтетін KAZROCKETS Aerospace Tournament 2025 инженерлік турниріне тіркеудің басталғанын хабарлайды.
Бұл – жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін, Қазақстанның барлық өңірлерінен дарынды оқушылар мен студенттерді біріктіретін ауқымды инженерлік жарыс. Турнир аэроғарыш саласына қызығушылығы бар жастарға техникалық дағдыларын шыңдауға, тәжірибе жинауға және жаңа достар табуға мүмкіндік береді.
Жарыс бағыттары:
- Ракета модельдеу:
- S3A – парашютпен қону жүйесі бар ракеталар
- S6A – таспа құтқару жүйесі бар ракеталар
- МРН – пайдалы жүктемесі бар ракеталар
- Multi-Drone Championship:
- Drone Racing
- Micro-Drone Racing
- Drone Racing Sim
Жүлде қоры – 2 000 000 теңге. Сонымен қатар, мектеп түлектеріне Гумарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дың білім грантына ие болу мүмкіндігіне ие болады.
Тіркелу 2025 жылғы 14 сәуір мен 25 мамыр аралығында kazrockets.kz сайтында жүргізіледі. Қатысу тегін, орындар шектеулі.
Байланыс: Сайт: kazrockets.kz Email: kazrocketspf@gmail.com Instagram: @kazrockets Телефон: +7 775 163 9790
Ғарышқа алғашқы қадамыңды жаса – KAT 2025 жарысына қатыс!