2025 жылғы 25 сәуірде Ақтау қаласында «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА Президиумының кезекті көшпелі отырысы өтеді

ҚҰРМЕТТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ!

2025 жылғы 25 сәуірде, сағат 09:00 Ақтау қаласында, Маңғыстау облысының әкімі Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы және Қазақстан Республикасының Көлік министрі Қарабаев Марат Кәрімжанұлының қатысуымен «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының кезекті көшпелі отырысы өтеді.

Көшпелі отырыс жұмысына академиктер, Маңғыстау облысы әкімдігі басқармаларының, ғылыми ұйымдардың басшылары, еліміздің жетекші ғалымдары мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысатын болады.

Отырыс барысында көлік логистикасын дамытуды ғылыми сүйемелдеудің өзекті мәселелері және ел экономикасының инновациялық дамуындағы өңірлік ғылымның рөлі талқыланады. Көшпелі отырыс жұмысының аясында Маңғыстау облысының өңірлік ғылымы үшін басым міндеттерді айқындау бойынша форсайт сессия өткізіліп, ғылыми-инновациялық көрме ұйымдастырылады.

Отырыс қорытындысы бойынша өңірлік ғылымды дамыту жөніндегі облыс әкімшілігімен бірлескен жұмыс жоспары және көлік логистикасын дамыту, саланы ғылыми сүйемелдеу мәселелері бойынша аналитикалық жазба дайындалады.