Елімізде алғаш рет Жас зерттеушілер форумы өтті — qazaq1913.com

Бүгін, 16 мамырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп елімізде алғаш рет Жас зерттеушілер форумы өтті.

Бұл форум – ғылымға, зерттеу мен инновациялық қызметке қызығушылық танытқан мектеп оқушыларын біріктірген бірегей алаңға айналды. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында ғылыми ойлауды дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау және ғылыми білімді кеңінен насихаттау.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері, әкімшіліктердегі білім басқармаларының басшылары, жетекші жас ғалымдар, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен 400-ден астам республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған дарынды мектеп оқушылары және олардың ғылыми жетекшілері қатысты.

Толық мәтін сілметеде: https://qazaq1913.com/2025/05/16/elimizde-al-ash-ret-zhas-zertteushiler-forumy-tti/