AIF-2025 халықаралық форумы аясында Қазақстан мен Болгария ғылым академияларының президенттері кездесті

2025 жылғы 30 мамырда Астана қаласында өткен Astana International Forum 2025 (AIF-2025) аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының (ҚР ҰҒА) Президенті Ақылбек Күрішбаев пен Болгария ғылым академиясының (БҒА) Президенті Эвелина Славчева арасында маңызды екіжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар екі Академияның ағымдағы қызметі туралы пікір алмасты.

Профессор Э. Славчева Болгарияның жетекші ғылыми мекемесі – 42 ғылыми-зерттеу институты мен бірқатар орталықтарды біріктіретін Болгария ғылым академиясының рөлі туралы егжей-тегжейлі баяндады. Ол ғылыми мекеме басшыларын тағайындау барысында БҒА Президиумымен келісудің маңыздылығына тоқталды.

Академик А.Күрішбаев ҰҒА-ның тарихы мен оның қалыптасуындағы Қаныш Сәтбаевтың рөліне тоқталып, 2024 жылғы желтоқсанда Академия ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМ мәртебесін алғанын атап өтті.

Ол Академияның ғылыми сараптама, форсайт-зерттеулер, цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу бағытындағы жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым мен технологиялар саласындағы берген тапсырмаларын атап өтті.

Кездесу барысында жасыл энергетика, ауыл шаруашылығын цифрландыру, атомдық энергетика салалардағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

БҒА тарапы өздерінің атом энергетикасы бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Профессор Славчева төмендегідей практикалық ұсыныстар айтты:
Докторанттармен алмасу;
Бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру;
Академиялар арасындағы тәжірибе алмасу.

Тараптар ынтымақтастық туралы меморандум аясында:
Онлайн-конференция (салалық мамандар, вице-президенттер мен институт директорлары қатысуымен)
Ортақ хаттама әзірлеу
Бірлескен жұмыс тобын құру (соның ішінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша) мәселелерін қамтитын бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындауға келісті.

Кездесу соңында профессор Э.Славчева академик А.Күрішбаевты Болгария ғылым академиясына ресми сапармен келуге және болгар ғылыми қауымдастығымен танысуға шақырды.

Тараптар жасыл энергетика, ЖИ, аграрлық зерттеулер, климаттық технологиялар және ғылыми кадрларды даярлау секілді басым бағыттарда өзара жобаларды дамытуға қызығушылық білдірді.

Кездесу Қазақстан мен Болгария арасындағы ғылыми ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған келісіммен аяқталды.