2025 жылдың 13 маусым күні Семей қаласында Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қатысуымен ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Қуатты өңірлік ғылым — қуатты өңір» тақырыбында көшпелі отырысы өтеді.
Отырыста өңірлік ғылымды дамытудың өзекті мәселелері, ол тек сол аймақтың экономикалық әлеуетін көрсететіп қоймай, қазіргі заманда жаһандық сын-қатерлердің кері әсеріне көбірек ұшырап жатқан аймақтың тұрақты дамуының негізін қалыптастырудағы рөлі мен орны талқыланады.
Абай облысы елдегі ірі және перспективалы экономикалық өңірлердің бірі ғана емес, сонымен қатар қуатты ғылыми база болып табылады. Мұнда, Курчатов қаласында ҚР Ұлттық ядролық орталығы орналасқан, ол ядролық зерттеулер бойынша бірегей ғылыми-эксперименталды базамен жабдықталған, жане онда әлемде аналогы жоқ ғылыми қондырғылардың бір бөлігі бар. Бұл ғылыми базаның әлеуеті толық ашылған жағдайда, өңір ядролық энергетика саласындағы ғылыми өнімдерді әлемдік нарықтарға жеткізуші ең ірі өндірушіге айналатын болады.
Бұдан бөлек, өңірде ауыл шаруашылығын, қайта өңдеу өнеркәсібін және экологиялық туризмді қоса алғанда жалпы туризм саласын дамытуға байланысты ашылмаған мүмкіндіктер бар. Алайда бұл мүмкіндіктерді толық пайдалану қазіргі ғылым мен технологияның соңғы жетістіктерін қолдана отырып, бар проблемаларды кешенді түрде шешу арқылы ғана мүмкін болады.
Отырыс барысында Ұлттық ғылым академиясы әзірлеген Қазақстан Республикасының өңірлерінде ғылыми әлеуетті дамытуды қолдау тұжырымдамасы таныстырылып, отандық ғалымдардың зерттеу қызметінің түрлі бағыттары бойынша соңғы әзірлемелері, аймақтардың табиғи-экономикалық құрылымын негіздеу және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған шешім қабылдауды қолдаудың жаңа цифрлық жүйесі таныстырылады.
Академия Президиумының көшпелі отырысына Абай облысының әкімі Берік Уәли, ҚР Атомдық энергия жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Жантикин Т.М., ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанқуатов Ғ.Ж., ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА академиктері, Абай облысы әкімдігі басқармаларының басшылары, ғылыми ұйымдар мен өңірдегі жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ ядролық энергетика, геология, металлургия, ауыл шаруашылығы, медицина және экология салаларындағы жетекші отандық және шетелдік ғалымдар мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысады.
Көшпелі отырыс аясында ғылыми-инновациялық көрме ұйымдастырылып, Абай облысының өңірлік ғылымы үшін басым міндеттерді айқындауға арналған форсайт-сессия өткізіледі.
Отырыс қорытындысы бойынша өңірлік ғылымды дамытуға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары мен атом энергетикасын дамыту жөніндегі талдамалық жазба әзірленеді. Бұл құжаттар өңірдің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадам болмақ. Аталған құжаттар өңірдің ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейту және басым бағыттарды іске асыру жөніндегі келесі қадамдардың негізіне айналады.
Көшпелі отырыс өңірде ғылым мен технологиялық дамуды нығайтуға, ғылыми зерттеулер мен өндіріс арасындағы тиімді байланысты орнатуға арналған маңызды диалог алаңы болмақ.
Өтетін күні: 2025 жыл 13 маусым (жұма), сағ. 09:00
Өтетін орны: Семей қ., Мәңгілік Ел к-сі, 11, Alikhan Bokeikhan University
БАҚ аккредитациясы үшін: Алиханов Қуантар Дәуленұлы, +7 775 943 03 05