«Өңірлік дамудың басымдықтары» форсайт-сессиясы Семейде сәтті өтті

2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы аясында Семей қаласында Абай облысының дамуының негізгі бағыттарына арналған форсайт-сессия өтті.

Сессия жұмысына Абай облысы әкімдігі, ғылым және білім беру саласының өкілдері, сондай-ақ өндірістік сектор мамандары қатысты.

Аталмыш сессияда геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды қайта өңдеу, атом энергетикасы, цифрлық және экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу, денсаулық сақтау саласындағы инновациялар талқыланды.

Абай облысы – ғылым мен өнеркәсіптің зор әлеуетіне ие өңір. Мұнда еліміздің стратегиялық нысандарының бірі – Ұлттық ядролық орталық орналасқан. Сонымен қатар өңірде тау-кен өндіру және қайта өңдеу салалары белсенді дамып келеді.
Сессия өңірдің тұрақты дамуына бағытталған ғылыми-инновациялық кластер құру жолындағы маңызды қадам болды.

Іс-шара қорытындысы бойынша ҚР ҰҒА мен Alikhan Bokeikhan University арасында университет базасында Форсайт-орталық құру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл орталық өңірлік Ғылым және технологиялар кеңесінің жұмыс органы болады.

Сессияда айтылған ұсыныстар ҚР ҰҒА Президиумының шешімдерін дайындауда және өңірдің ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етудегі жұмыс барысында ескерілетін болады.