Қазақстанда алғаш рет карбонды полигон құрылады

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы «Агробиоресурстар және экология» туралы ғылымдар орталығының басшысы Ж.Алманова және топырақтану саласындағы отандық жетекші ғалымдар 2025 жылдың 23 маусымында РФ, Волгоград қаласына Ресей ғылым академиясының Агроэкология федералды ғылыми орталығына (РҒА Агроэкология ФҒО, Волгоград қ.) ресми іссапармен барды.

Іссапар барысында қазақстандық делегация өкілдері орталықтың озық ғылыми әзірлемелерімен және техникалық базасымен танысты.

Академия өкілі мен отандық жетекші ғалымдар орталықтың гидрологиялық кешенін, молекулалық селекция, геномдық және постгеномдық зерттеулер зертханаларын, сондай-ақ құрғақшылыққа төзімді өсімдік түрлері үшін in vitro зерттеулер жүргізілетін топырақты талдау және биотехнология зертханаларын аралап, олардың техникалық жабдықталуын жоғары бағалады.

Агроэкожүйелердегі биогеохимиялық процестерді бағалауға, топырақ құнарлылығы мен көміртегі балансын бақылауға, сондай-ақ карбонды полигондарды құру және олардың жұмыс жасау аясындағы іс-шараларға бағытталған РҒА Агроэкология ФҒО жобалары ерекше қызығушылық тудырды.

Іссапар аясында екі тараптың ғылыми зерттеулері бойынша келесі басымдықтар талқыланды:

— Қазақстанда алғаш рет карбонды полигон құру;

— көміртекті үнемдейтін егіншілік пен климаттық бейімделген агротехнологиялар үшін ғылыми базаны қалыптастыру;

— климаттық күйзелістерге төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарының геномдық және молекулалық селекциясын дамыту;

— бірлескен сорттық сынақтар мен биоинженерлік әзірлемелер жүргізу;

— биотехнологиялар мен агроэкологиялық тәсілдерді тұрақты егіншілік жүйелеріне интеграциялау.

Іссапар 2025 жылғы сәуірде Алматы қаласында Агроөнеркәсіптік кешендегі Қазақстан–Ресей озық технологиялар орталығының ашылуымен серпін алған ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА мен РҒА арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің қисынды жалғасы болды. Орталық екі елдің АӨК-не білім беру және инновацияларды енгізу мақсатында құрылған.

Іссапардың қорытынды күндері Камышин қаласындағы (Волгоград облысы) РҒА Агроэкология ФҒО экологиялық-климаттық станциясына барып, онда ғалымдарға көміртегі қорлары мен парниктік газдар шығаратын экологиялық мониторингі жүйелері, климатқа бейімделу агропрактикалары және жер ресурстарын тұрақты басқарудың мысалдары ұсынылды.

Іссапар қорытындысы бойынша ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА мен РҒА Агроэкология ФҒО арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою және Қазақстанда тұңғыш рет карбонды полигонды бірлесіп құру туралы шешім қабылданды.