Құрметті әріптестер!
Сіздерді Астана күнімен – еліміздің жаңа тарихындағы маңызы зор, ерекше мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – тәуелсіздігіміздің символы, мемлекетіміздің саяси, рухани және мәдени жаңғыруының айқын көрінісі. Елорданың дамуы – Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуінің жарқын белгісі.
Бүгінгі Астана – Еуразия кеңістігіндегі заманауи архитектура мен ұлттық болмысты үйлестірген алдыңғы қатарлы қалалардың бірі ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зияткерлік хаб ретінде де орнығуда.
Осы мерейлі күні әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Елорданың өркендеуі – барша қазақстандықтардың ортақ қуанышы мен мақтанышы!