КӨҢІЛ ХАТ! Жексенбек Мәкейұлы Әділовтің отбасына, туған-туыстарына!

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы ұжымы атынан және жеке өз атымнан белгілі ғалым, профессор, академик Жексенбек Мәкейұлы Әділовтің қайтыс болуына байланысты барлық жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын!

Жексенбек Мәкейұлының есімі «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының білім саласының құрметті қызметкері» сияқты көптеген марапаттардың иегері ретінде, отандық ғылым саласына қосқан зор үлесімен көпшілікке танымал.

Ағамыз саналы ғұмырын білім мен ғылымға қызмет етуге, ғылым саласының өркендеуіне арнаған. Еліміздің ірі университеттердің ректоры ретінде көптеген шәкірттер, ғылыми кадрлардың бірнеше буынын тәрбиелеген.

Асыл ағамыздың бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады.

Жексенбек Мәкейұлының алды пейіш, арты кеніш, иманы саламат болсын.

Туған-туысқандарға, жақындарына және шәкірттеріне ұзақ ғұмыр, бақ-береке тілейміз.

Академия Президенті​​​​​​, A. Күрішбаев