ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы ұжымы атынан және жеке өз атымнан белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, әлемге танымал отандық дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Каюпова Нина Әмірқызының қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын!
Нина Әмірқызының көрегендігі мен терең парасатының арқасында Қазақстанда әйелдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған іргелі мемлекеттік тұжырымдама әзірленді. Ол қоғамдағы әйелдің рөлін арттыру жолында тың бастамалар көтеріп, ҚР Президентінің жанындағы Отбасы, әйел және демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы ретінде ұлттық саясаттың маңызды бағыттарын қалыптастыруға ерекше үлес қосты. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде де ел дамуына, халық игілігіне қызмет етуде айрықша табандылық пен мемлекетшіл ұстаным танытты.
Каюпова Нина Әмірқызының жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады.
Орны толмас қазаға ортақпыз.
Жаны жәннатта, иманы саламат болсын!
Академия Президенті, Күрішбаев А.
