ЛҒА Президенті Юрас Банис айтуынша, меморандум екі елдің ғылыми ведомстволары арасындағы Қазақстан-Литва ынтымақтастығын одан әрі дамыту мен тереңдету үшін құқықтық негіз болды.
Бас Ассамблеяда сөйлеген сөзінде К.Закарья ғылыми және қолданбалы қызметтің әртүрлі салаларындағы қазақстандық ғалымдардың алдында тұрған өзекті міндеттер мен ел экономикасының ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы қажеттіліктері туралы айтты. Сонымен қатар, ол Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында берілген тапсырмалардың шеңберінде экономиканың жаңа технологиялар мен инновациялар негізінде жүргізіліп жатқан кешенді реформасы туралы атап өтті. Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ғылыми ортаға бағытталған «Ғылыми және техникалық саясат туралы» Заңды әзірлеу үдерісіне ерекше назар аударылды.
Сапар барысында Вильнюс университетінің, Өмір туралы ғылымдар орталығының, Литва медициналық ғылымдар университетінің басшылығымен, сондай-ақ «Life Sciences Baltics» халықаралық көрмесінің алаңында кездесулер өтті.