Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 «Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 389 «Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 536 «Ғылым саласындағы сыйлықтармен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 517 «Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін жұмыстарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру үшін үміткерлерді іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығына және оның қосымшасына сәйкес 2023 жылғы жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлықтарға ізденіс конкурсын жариялайды.
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
– педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
– түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2023 жылғы 31 қазанда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланды.
Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген құжаттар мен материалдар (жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан) газетте хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күн аралығында автордың тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО) http://gov4c.kz сайтында мекенжайлар көрсетілген) қабылданады.Әрі қарайқарау үшін «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ-на беріледі.
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 «Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 389 «Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 536 «Ғылым саласындағы сыйлықтармен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 517 «Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін жұмыстарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру үшін үміткерлерді іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығына және оның қосымшасына сәйкес 2023 жылғы жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендияларға ізденіс конкурсын жариялайды.
– 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде 50 мемлекеттік ғылыми стипендия қырық жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдарға арналған.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2023 жылғы 31 қазанда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланды.
Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген құжаттар мен материалдар (жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан) газетте хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күн аралығында автордың тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО) http://gov4c.kz сайтында мекенжайлар көрсетілген) қабылданады. .Әрі қарайқарау үшін «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ-на беріледі.