«Ғылым Академиясы Ғалымдарды Бiрiктiредi»
2024 жылдың 04 наурызында Алматы қаласының «Достық үйі» ғимаратында ғылымды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына салалық ғылым академиялары мен Қазақстан ғалымдарының кәсіби бірлестіктерінің басшылары қатысты.
Дөңгелек үстел отырысын аша отырып, Ұлттық ғылым академиясының президенті А. Күрішбаев Мемлекет басшысы
Қ.К. Тоқаев отандық ғылымды дамыту қажеттігін ұдайы атап өтіп, оның ел экономикасын жедел дамытудағы рөлін арттыруға бағытталған нақты шаралар атқарып жатқандығын атап өтті. Бұған жеке уәкілетті мемлекеттік органдарды — Ғылым және жоғары білім министрлігін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесті құру болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы етіп қайта ұйымдастыру арқылы Ұлттық ғылым академияның мәртебесін арттыру және ғылымды қаржыландыру көлемін үш еседен астам ұлғайту дәлел бола алады.
Ол сондай-ақ Мемлекет басшысының мұндай қолдауы біздің ортақ күш-жігерімізді бір мақсатқа – зерттеу қызметін сапалы қалыптастыруды қамтамасыз етуге, оның тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағыттауға міндеттейтінін айтты.
Дөңгелек үстел барысында барлық қатысушылар еліміздің алдында тұрған ғылыми-технологиялық даму саласындағы міндеттерді шешу тәсілдерін әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс туралы шешім қабылдады.
Қазіргі Академияның өзіндік ерекше миссиясы бар екеніне ерекше назар аударылды: ол ғылымды басқару саласындағы жүйелік олқылықтардың орнын толтыруы керек. Біздің жаңа миссиямыздың негізі – қазақстандық ғылымның дамуына үлес қосқысы келетін және үлес қоса алатын жетекші ғалымдарды бір ортаға шоғырландыру. Біздің пайымымыздың (видение) ең бастысысы – тәуелсіз ұсыныстарды білдіретін, автономды беделді сараптамалық ғылыми ұйым болуға ұмтылу.
Дөңгелек үстел аясында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясымен бірлескен қызмет туралы қоғамдық салалық академиялар мен еліміздің ғалымдары бірлестіктері арасында екіжақты Меморандумдар жасалынды.
Өтетін күні: 04 наурыз 2024 ж.(дүйсенбі күні), Уақыты: сағ. 15.00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 40 үй, «Достық үйі» ғимараты, мәжіліс залы
Аккредиттеу үшін: Алиханов Қуантар Дәуленұлы (+7 775 943 0305 Whatsapp)