Болашаққа нық қадам: Шынайы әрі ашық жүйе қалыптастыру маңызды — «Айқын» газеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Әділетті Қазақстан құру жолында заң мен тәртіпті қамтамасыз ете отырып, экономикалық өсімге қадам басу арқылы халықтың болашаққа деген нық сенімін қалыптастырудың маңызы зор. Сондай-ақ Президенттің халыққа Жолдауының мәні мен мазмұнын талдап, саралап зерттей келе, жүзеге асыру, шындыққа айналдыру тетіктерін қарастырудың жөні бөлек. Осы орайда біз назарларыңызға қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылардың, депутаттардың Жолдаудан түйген ойлары мен көзқарастарын ұсынып отырмыз.

«Айқын» ақпарат

03/09/2024

Президент Жолдауын іске асырудағы ғылым академиясының рөлі

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика салаларының инновациялық әлеуетін күшейту бойынша ауқымы зор және аса жауапты міндеттер қойды. 

Бұл тапсырмаларды жүзеге асыруда отандық ғылымға да ерекше маңызды рөл жүктелді. Ғылымның күш-қуаты ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, зерттеу қызметіне бөлінген қаражатты ұтымды пайдалануға және олардың нәтижелерін өндіріске енгізуден тиісті табыс алуға бағытталуға тиіс.

Мақаланың толық нұсқасы сілтеме бойынша: https://aikyn.kz/272140/bolashak-k-a-nyk—k-adam—shynayy—ri-ashyk—zhuye-k-alyptastyru-man-yzdy