Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық шараларына қатысу

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық шараларына қатысуы

2024 жылғы 29 қазанда Бішкек қаласындағы Т. Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының (ҚР ҰҒА) 70 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Осы маңызды шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясынан (ҚР ҰҒА) Академияның президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев қатысып, сөз сөйледі.

Жиналысты ҚР ҰҒА президенті, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі К.Е. Абдрахматов ашып, академияның жетістіктері мен Қырғыз Республикасындағы ғылымның дамуына қосқан рөлі туралы мазмұнды баяндамамен таныстырды.

Салтанатты жиналыста жоғары лауазымды қонақтардың, оның ішінде Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш Төрағасының орынбасары Ж.К. Исаеваның, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінің Төрағасының орынбасары Э.Ж. Байсаловтың, сондай-ақ бірқатар шетелдік елшіліктердің өкілдерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті А.Қ. Күрішбаевтың, Ресей ғылым академиясының вице-президенті В.Я. Панченконың, Монголия ғылым академиясының вице-президенті Цэрэндорж Цэгмедтің, Татарстан Республикасы ғылым академиясының президенті Р.Н. Миннихановтың, Қытай Халық Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшісі Ду Дэвэнь ханымның, Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының атқарушы директоры Дэвид Кливтің, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімінің төрағасы В.Н. Пармонның, Өзбекстан Республикасы ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы Г.А. Бахадировтың және «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры Ю.Н. Нестерчуктың құттықтау сөздері айтылды.

Юбилейлік шаралар аясында ҚР ҰҒА жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылып, меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды, бұл академиялардың ғылым мен білім саласында ынтымақтастықты тереңдетуге деген ниетін білдіреді.

Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев өз сөзінде академиялар арасындағы өзара тиімді серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, бұл серіктестіктің екі бауырлас елдің ғылыми зерттеулері мен жобаларына жаңа мүмкіндіктер аша алатындығын айтты. Сондай-ақ, ол ғылыми саладағы бірлескен күш-жігердің тек біздің елдерімізде ғана емес, жалпы өңірде ғылым мен технологиялардың тұрақты дамуының кепілі болып табылатынын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясын мерейтойымен шын жүректен құттықтап, ғылыми қызметте одан әрі табыстар мен екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ниет білдіреді.