Баспасөз баяны

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп «Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел Қазақстандағы Тәжікстан Республикасының Мәдениет күндері аясында өтті. Екі ел Ғылым академиялары 2023 жылғы 4 мамырда ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған-ды. Бұл тараптардың алғашқы бірлескен іс-шарасы. 

Жиында сөз алған ҚР ҰҒА вице-президенті Ақылбек Қажығұлұлы технологиясы дамыған елдердің табыс формуласы – ғылым мен білім беруді өндіріске тиімді енгізуде екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастық пен сындарлы диалогтың бай тәжірибесін, оның әлемде азық-түлік тапшылығы, климаттық өзгерістердің теріс әсері, су ресурстарын пайдалану проблемалары және т.б. жайттарға тоқталды. 

Дөңгелек үстелде екі ел академиялары мен ғалымдарының ынтымақтастығы үшін перспективалық бағыттар талқыланды. Олардың арасында азық-түлік тапшылығы мен су ресурстарын тиімді пайдалану проблемасын шешу үшін өңірлік консорциумдар құру, елдердің табиғи-климаттық әлеуетіне сәйкес аграрлық секторда кооперация жасау, селекциялық жұмыстарды дамыту және жаңа сорттарды өсіру, мұздықтардың еруін қоса алғанда, экологиялық проблемаларды бірлесіп шешу, көлік-логистикалық дәліздерді әртараптандыру, дәрілік препараттарды жасау, сейсмикалық қауіпті бағалау, уран өнеркәсібінің қалдықтарын қалпына келтіру, биологиялық қауіпсіздік, суды терең тазарту, соның ішінде микропластикадан тазарту, суармалы егіншілікті дамытуға баса мән берілу керек делінді. 

Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының (ТҰҒА) вице-президенті, физика-математика ғылымдары, химия, геология және технологиялар бөлімінің төрағасы Гүлчехра Кохированың айтуынша, ғылымды дамыту ұрпақтар келешегі үшін маңызды. «Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының екіжақты қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді: Біздің елдеріміз арасында әртүрлі салада 100-ден астам мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер жұмыс істейді. Бірақ біз, Ғылым Академиясы үшін ең маңыздысы 2023 жылы 4-мамырда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА-мен ынтымақтастық туралы келісім. Ғылымның мемлекеттің тұрақты прогрессивті дамуына қосқан үлесі үлкен маңызға ие. Бауырлас елдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі – ғылымды, техниканы және инновацияны дамыту», – дейді вице-президент. 

Гүлчехра Кохирова ынтымақтастықтың басым бағыты ретінде математика, астрофизика, ядролық физика, медициналық-биологиялық проблемаларды, мұздықтардың сақталуы мен су мен Биоәртүрлілікті қорғауды қоса алғанда, экологиялық проблемаларды бірлесіп шешу, жаңа дәрілік препараттар жасау, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігі теориясы мен практикасы және сейсмикалық тәуекелдерді бағалау және т.б. атап өтті.

Дөңгелек үстелде сондай-ақ екі елдің академиялары мен ғалымдарының ынтымақтастығы үшін көлік-логистикалық дәліздерді әртараптандыру, уран өнеркәсібінің қалдықтарын оңалту, биологиялық қауіпсіздік, суды, оның ішінде микропластикадан терең тазарту, суармалы егіншілікті дамыту және басқа да көптеген перспективалы бағыттар талқыланды.

Дөңгелек үстел модераторы Ләззат Тасболатқызы келер жылы Қазақстан Ғылым Академиясының негізін қалаушы және Тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған халықаралық конференция өтетінін хабарлап, бауырлас елдің ғалымдарын осы ауқымды шараға қатысуға шақырды. Тәжікстан делегациясы құлашын кеңге жайған ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА жұмысына сәттілік пен ғылыми жетістіктер тіледі. 

25.05.2023