Ақылбек Күрішбаев, Ұлттық ғылым академиясының президенті: Академияның институционалды қалыптасуы аяқталды — aikyn.kz

Жуырда Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдап, отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланған еді.

Кездесуде бір жыл бұрын ғана жаңа мәртебе берілген Ұлттық ғылым академиясы отандық ғалымдардың күш-жігеріп біріктіріп, ғылым мен экономикаға нақты пайда әкелетін жаңалықтар енгізу қажеттігі сөз болған. Осыған орай, біз Ұлттық ғылым академиясында атқарылып жатқан игі істер мен ғалымдарды, талантты жастарды тарту мәселесі жөнінде білгіміз келіп, Ақылбек Қажығұлұлымен сөйлескен едік. 

– Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы, Сіз жуырда Мемлекет басшысының қабыл­дауында болып, жаңартылған Ұлттық Ғылым академиясының былтыр атқарған қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндадыңыз. Ұлттық академияның қалыптасуы қалай жүргізілді және оның жұмысының алғашқы нәтижелері туралы айтып берсеңіз…

– Былтыр Ұлттық ғылым академиясы­ның институционалдық қалыптасуы толы­ғымен аяқталды. Академия қызметінің заң­намалық негізі құрылды. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заңға сәйкес ол елдің жалғыз жоғары ғылыми ұйымы мәртебесіне ие болды. Оны тұрақты түрде қаржыландыру тетіктері әзірленді.

Толық мақала сілтеме бойынша: https://aikyn.kz/279337/ak-ylbek-kurishbaev—u-lttyk—g-ylym-akademiyasynyn—prezidenti—akademiyanyn—institucionaldy-k-alyptasuy

«Айқын» ақпарат
25/01/2025 
Сұхбаттасқан 
Ардақ СҰЛТАН