«Real Option Theory Applied to Network Industries» атты тақырыпта өтетін Коллоквиумға шақыру

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) Қазақстан-Неміс университетімен (DKU) бірлесіп, Сіздерді «Real Option Theory Applied to Network Industries» атты тақырыпта өтетін Коллоквиумға шақырады.
Іс-шара 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 14:00-де Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 мекен-жайы бойынша өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – шынайы опциондар теориясын желілік индустрияларда қолдану бойынша өзекті мәселелерді талқылау. Бұл тақырып аясында атом электр станцияларын салу сияқты күрделі инвестициялық жобалардағы тәуекелдерді талдау мен шешім қабылдау процестерінде икемділіктің маңыздылығы қарастырылады. Дәріс ағылшын тілінде өтеді.
Спикер: Профессор, Д-р Хасан Алкас (Prof. Dr. Hasan Alkas) – шынайы опциондар және инвестициялық талдау саласындағы халықаралық деңгейдегі сарапшы.
Дәріс экономика және техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан докторанттар мен магистранттарға арналған.
Іс-шараға қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы 2025 жылғы 12 ақпанға дейін тіркеу формасын толтыру қажет:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdQlmWJYtdZH3tK__sKaKwKT87lk_kJIw3tI4pVat-DkJm4Gw/viewform?usp=header

Қосымша ақпарат алу үшін: +7 727 355 0551