Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы атынан және өз атымнан ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қымбатты ғылымдағы арулар, Сіздердің отандық ғылымды дамытуға қосып жатқан үлестеріңіз ерекше екендігін атап өткім келеді. Ғылым мен білім саласындағы әйелдердің рөлі жыл сайын артып, жаңа шыңдарды бағындыруда. Бұл – біздің қоғамның дамуына, еліміздің әлеуметтік-эканомикалық дамуы мен өркендеуіне зор маңызға ие.
ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша, әлемдегі барлық зерттеушілердің тек 30 пайызын әйелдер құраса, Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын мамандардың 55,6%-ы – әйелдер болып табылады, бұл елімізде ғылым саласындағы әйелдердің белсенділігін айқын көрсетеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымды әлемдік деңгейге көтеруге бағытталған түбегейлі реформаларды қолдай отырып, ғылым дамуына айрықша назар аударып отыр. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, біздің әйел-ғалымдардың еңбектері еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға және әлемдік ғылымға өз үлестерін қосатына сенімдімін.
Бұл мереке сіздердің еңбектеріңізді бағалауға, сіздерге қолдау көрсетуге және сіздерді жаңа жетістіктерге шабыттандыруға арналған күн болсын!
Ғылым әлеміндегі сіздердің жарқын жолдарыңыз әрқашан ашық болсын!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Академия Президенті