Академия қызметкерінің мақаласы беделді американдық «The Diplomat» журналында жарияланды

“Болашақ 500 ғалым” жобасы бойынша АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Білім және қоғамды дамыту орталығының басшысы, Ph.D Ж.М.Төленнің “The Dimash Phenomenon: Kazakhstan’s Soft Power” тақырыбында мақаласы беделді Американдық халықаралық аналитикалық The Diplomat журналында жарияланды.

Димаш Құдайберген — бүгінгі күні мәдени дипломатия мен жұмсақ күш саласындағы Қазақстанның жаһандық бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын танымал тұлғаға айналды. Халықаралық деңгейде мойындалған Димаш өзінің ерекше дауыс диапазоны арқылы әлем тыңдармандарын баурап алғаны белгілі. Оның жетістіктері тек өнермен шектелмей, ол ұлттық мәдениет, тіл мен құндылықтарды әлемге насихаттап жүрген “Мәдени елші”.

Аталған мақалада автор Қазақстанның жұмсақ күші ретіндегі Димаш феноменін талдап, оның халықаралық саясаттағы Қазақстанның имиджін қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталды.

https://thediplomat.com/2025/05/the-dimash-phenomenon-kazakhstans-soft-power/?fbclid=IwZXh0bgNhZW0CMTEAAR48NcZptrN-ZBlRRT9oab33cCGSzQk3fZ8lH0bJnHEeAstRvygsrLcFWXHHRQ_aem_Oes5iQB6YlnudBJdHzCk1A