Органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту — Jibek Joly

Елде 90 миллион гектарға жуық алқаптар эрозияға, тұздануға және шөлейттенуге бейім. Оның 29 миллионы мүлде құнарын жоғалтқан. Мұндай жағдайда көміртекті және органикалық егіншілікті дамыту – заман талабы. Егінжай күні аясында өткен халықаралық конференцияға Еуропа мен Азиядан сарапшылар, ғалымдар мен сала мамандары жиналды. Олар агросекторды жасыл бағытқа көшірудің тиімді жолдарын ұсынды. Жаңа инновациялар қатарында органикалық әдістер және топырақ құнарын қалпына келтіру тәсілдері бар. Бұл бастама ауыл шаруашылығын экологиялық арнаға бұрудың нақты қадамы болмақ дейді ғалымдар.