Хабарландыру (маусым 2024)

Хабарландыру (маусым 2024)

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес «Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» және «Медицина және денсаулық сақтау» бағыттары бойынша осы хабарландыруға қосымшаларда белгіленген шарттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлауға конкурс жариялайды.

Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттарды қабылдау мерзімі осы хабарландыру жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі және 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академик болып сайлануға үміткерлер мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;

2) соттылығының болмауы;

3) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану қағидалары сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган таныған ғылыми дәрежесінің (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) растайтын дипломдардың көшірмелері және ғылыми атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) болуы;

4) үміткер штаттық қызметкер болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүргізуге аккредиттелген ғылыми ұйымда немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

5) соңғы 10 (он) жылда Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша 1 (бірінші) және 2 (екінші) квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) дерекқорының Cite Score (Сайт Скор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде
50 (елу) бар болатын рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде
9 (тоғыз) басылымның болуы, ұлттық бірегейлік саласындағы әлеуметтік гуманитарлық бағыттарды және ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс жөніндегі бағыттарды қоспағанда;

6) ұлттық бірегейлік саласындағы әлеуметтік гуманитарлық бағыттар үшін ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынатын басылымдар тізбесінің журналдарында жарияланған соңғы 5 (бес) жыл ішінде кемінде 9 (тоғыз) жарияланымның болуы және (немесе) Scopus/Web of Science (Скопус/ (Веб оф Сайнс) дерекқорларында рецензияланған ғылыми журналдарда;

7) Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі бағыттар үшін соңғы 5 (бес) жылда мамандандырылған ғылыми журналдарда кемінде 9 (тоғыз) жарияланымның болуы.

Осы конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының келесі бөлімшелері бойынша бос орындарға жарияланды:

«Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары бойынша) – 4 бірлік;

«Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімі («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 2 бірлік.

Ескертпе: аталған бағыттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №386 бұйрығымен бекітілген Ғылыми бағыттардың жіктеуішіне сәйкес келтірілген.

Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген және тізбесі 1-қосымшада көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының нақты орналасқан жері бойынша қабылданады: Алматы қ., Қ.Сәтпаев к-сі, 22, 405-кабинет.

Пошталық мекенжайы: A05k3f0 (050012), Алматы қ., Шевченко к-сі, 28,

нақты орналасқан жері: A15X3C7 (050013), Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады

+7 727 2926729

+7 727 2925911

+7 7759430305

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылы 18 сәуірдегі жарияланған, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың мерзімін 5 (бес) жұмыс күніне   ұзартылғаны жөнінде хабарлайды

Конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында орналастырылған.

Конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ресми сайтында да орналастырылған.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының

академигі болып сайлануға арналған конкурстың бірінші кезеңінің

қорытындысы бойынша

АҚПАРАТ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (бұдан әрі – Академия) академигі болып сайлау жөніндегі конкурсна қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 21 мамырда аяқталды.

Конкурсқа қатысу үшін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі аккредиттелген 29 ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарынан ғылыми бағыттар бойынша 45 үміткерден өтінімдер түсті:

  • «Жаратылыстану ғылымдары» — 21 үміткер;
  • «Медицина және денсаулық сақтау» — 13 үміткер;
  • «Инжиниринг және технологиялар» — 11 үміткер.

Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша конкурстың екінші кезеңіне 34 үміткердің, оның ішінде «Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша 15 үміткердің, «Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша 11 үміткердің және «Инжиниринг және технологиялар» бағыты бойынша 8 үміткердің өтінімдері жіберілді.

Одан әрі қараудан 11 үміткердің, оның ішінде бағыттар бойынша:

  • «Жаратылыстану ғылымдары» — 6 үміткер;
  • «Медицина және денсаулық сақтау» — 2 үміткер;
  • «Инжиниринг және технологиялар» — 3 үміткердің өтінімдері қабылданбады.

Өтінімдердің одан әрі қараудан бас тарту негізгі себебі үміткерлердің құжаттар топтамасын толық ұсынбауы және/немесе Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болды.

Академия, өтінімдері қабылданбаған үміткерлерге үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы ақпараттандырды. Үміткерлер белгіленген мерзім ішінде ескертулерді жойған жоқ, осыған байланысты Академия өтінімдерді одан әрі қараудан бас тарту туралы хат жолдады.

Қағидалардың 13-тармағына сәйкес конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы Академияның ресми интернет-ресурсында https://qazscience.gov.kz мекен-жай бойынша жарияланды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы  30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидаларының 13-тармағын орындау үшін Академия академигі болып сайлануға арналған конкурстың екінші кезеңіне жіберілген үміткерлердің тізімін жариялайды.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі

болып сайлануға арналған конкурсында екінші кезеңге жіберілген үміткерлердің тізімі.

 

1.

АБИШЕВ Медеу Ержанович

2.

АКИЛЬЖАНОВА Айнур Рахметуловна

3.

АКШУЛАКОВ Серик Куандыкович

4.

АМИРГАЛИЕВ Едилхан Несипханович

5.

АППАЗОВ Нұрбол Орынбасарұлы

6.

АСАНОВА Анар Тұрмағанбетқызы

7.

АСКАРОВА Шолпан Несипбаевна

8.

БАТЫРБЕКОВ Эрлан Гадлетович

9.

БЕРДЕНОВ Жарас Галимжанович

10.

БОШКАЕВ Куантай Авгазыевич

11.

ГЛУШКОВА Наталья Егоровна

12.

ДАТХАЕВ Убайдилла Махамбетович

13.

ЖЕҢІС Жанар

14.

ЗАКАРЬЯ Кунсулу Дальтоновна

15.

ЗДОРОВЕЦ Максим Владимирович

16.

ИБРАЕВ Ниязбек Хамзаұлы 

17.

КАПАНОВА Гульнара Жамбаевна

18.

КЕНЖАЛИЕВ Багдаулет Кенжалиевич

19.

КУТЕРБЕКОВ Кайрат Атажанович

20.

КУШУГУЛОВА Алмагуль Рахимберлиевна

21.

ҚАЗЫМБЕТ Полат Қазымбетұлы

22.

ЛОКШИН Вячеслав Нотанович

23.

МАМЫРБАЕВ Оркен Жумажанович

24.

НУРСУЛТАНОВ Ерлан Даутбекович

25.

ОМАРОВ Чингис Тукенович

26.

ОСПАНОВ Орал Базарбаевич

27.

РАМАЗАНОВ Тлеккабул Сабитович

28.

РАХАДИЛОВ Бауыржан Корабаевич

29.

САДЫБЕКОВ Махмуд Абдысаметович

30.

СУЛЕЙМЕНОВ Ибрагим Эсенович

31.

СУРАГАН Дурвудхан

32.

ТУРУСПЕКОВ Ерлан Кенесбекович

33.

ШАНАЗАРОВ Насрулла Абдуллаевич

34.

ШАРИПОВ Камалидин Орынбаевич

 

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) 2024 жылғы 17 маусым мен 2024 жылғы 21 маусым аралығында Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28, № 222 кеңсе (2 қабат) мекенжайы бойынша Академия Төралқасының отырысы өткізілетіні туралы хабарлайды.

Академия Төралқасының отырысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау Қағидаларының 16-тармағына сәйкес Академия академигі болып сайлануға үміткерлердің бағдарламалары тыңдалатын болады. Үміткерлерді тыңдау қоса беріліп отырған кестеге сәйкес жүргізіледі.

 

Ескерту: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау Қағидаларының 16-тармағына сәйкес үміткердің бағдарламасын қорғау Академия Төралқасының отырысында күндізгі нысанда және жеке қатысуымен өткізіледі. Қорғауға келмеген жағдайда үміткердің кандидатурасы қаралмайды.

Үміткерлерге презентациялық және үлестірме материалдарды көрсетуге техникалық мүмкіндікі беріледі.

 

 

 

Үміткерлерді тыңдау кестесі

2024 жылғы 17 маусым

 

ТАЖ

Уақыты

1.

АКИЛЬЖАНОВА Айнур Рахметуловна

09:00

2.

ГЛУШКОВА Наталья Егоровна

11:00

3.

ДАТХАЕВ Убайдилла Махамбетович

12:00

Үзіліс 13.00 14.30

4.

КУШУГУЛОВА Алмагуль Рахимберлиевна

14:30

5.

ҚАЗЫМБЕТ Полат Қазымбетұлы

15:30

6.

ЛОКШИН Вячеслав Нотанович

16:30

 

Үміткерлерді тыңдау кестесі 

2024 жылғы 18 маусым

 

ТАЖ

Уақыты

1.

ОСПАНОВ Орал Базарбаевич

09:00

2.

ШАНАЗАРОВ Насрулла Абдуллаевич

10:00

3.

ШАРИПОВ Камалидин Орынбаевич

11:00

Үзіліс 13.00 14.30

4.

АБИШЕВ Медеу Ержанович

14:30

5.

АМИРГАЛИЕВ Едилхан Несипханович

15:30

6.

АППАЗОВ Нұрбол Орынбасарұлы

16:30

 

Үміткерлерді тыңдау кестесі

2024 жылғы 19 маусым

 

ТАЖ

Уақыты

1.

АСАНОВА Анар Тұрмағанбетқызы

09:00

2.

АСКАРОВА Шолпан Несипбаевна

10:00

3.

БАТЫРБЕКОВ Эрлан Гадлетович

11:00

4.

БЕРДЕНОВ Жарас Галимжанович

12:00

Үзіліс 13.00 14.30

5.

БОШКАЕВ Куантай Авгазыевич

14:30

6.

ЖЕҢІС Жанар

15:30

7.

ЗАКАРЬЯ Кунсулу Дальтоновна

16:30

 

Үміткерлерді тыңдау кестесі

2024 жылғы 20 маусым

 

ТАЖ

Уақыты

1.

ЗДОРОВЕЦ Максим Владимирович

08:00

2.

ИБРАЕВ Ниязбек Хамзаұлы 

09:00

3.

АКШУЛАКОВ Серик Куандыкович

10:00

4.

КУТЕРБЕКОВ Кайрат Атажанович

11:00

5.

МАМЫРБАЕВ Оркен Жумажанович

12:00

Үзіліс 13.00 14.30

6.

НУРСУЛТАНОВ Ерлан Даутбекович

14:30

7.

ОМАРОВ Чингис Тукенович

15:30

8.

РАМАЗАНОВ Тлеккабул Сабитович

16:30

 

Үміткерлерді тыңдау кестесі

2024 жылғы 21 маусым

 

ТАЖ

Уақыты

1.

РАХАДИЛОВ Бауыржан Корабаевич

09:00

2.

САДЫБЕКОВ Махмуд Абдысаметович

10:00

3.

СУЛЕЙМЕНОВ Ибрагим Эсенович

11:00

4.

СУРАГАН Дурвудхан

12:00

Үзіліс 13.00 14.30

5.

ТУРУСПЕКОВ Ерлан Кенесбекович

14:30

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) Академия академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.
    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау Қағидаларына сәйкес Академияның жалпы жиналысының шешімімен:
      «Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша):
Акшулаков Серик Куандыкович;
 Локшин Вячеслав Нотанович;
   «Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары бойынша):
Здоровец Максим Владимирович;
 Рамазанов Тлеккабул Сабитович;
 Сураган Дурвудхан;
 Туруспеков Ерлан Кенесбекович.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері болып сайланды.