Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау жөніндегі конкурстық құжаттаманың жекелеген ережелерін түсіндіру
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Конкурстық құжаттама) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академияларының академиктерін сайлау жөніндегі конкурстық құжаттаманың 22, 23-тармақтарына сәйкес конкурстық құжаттаманың жекелеген ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуға жауап орналастырады.
Сұрақ:
Ұйымнан қанша үміткер өтініш бере алады?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің
2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидаларының 6- сәйкес үміткерді ұсыну құқығын үміткер штаттық қызметкер болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі аккредиттелген ғылыми ұйым немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – ұйым) ғана береді.
Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 6-тармағына сәйкес үміткерді ұсыну Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 5 тамыздағы №386 бұйрығымен бекітілген ғылыми бағыттар жіктеуішіне сәйкес бір ғана мамандық (бағыт) бойынша жүзеге асырылады.