Академиктерді сайлау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) Академия академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №223 бұйрығымен бекітілген ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау Қағидаларына сәйкес Академияның жалпы жиналысының шешімімен:
«Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша):
– Акшулаков Серик Куандыкович;
– Локшин Вячеслав Нотанович;
«Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары бойынша):
– Здоровец Максим Владимирович;
– Рамазанов Тлеккабул Сабитович;
– Сураган Дурвудхан;
– Туруспеков Ерлан Кенесбекович.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері болып сайланды.