Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

220 кВ әуе желілеріндегі сымдар мен тростың вибрациясын төмендету

220 кВ әуе желілеріндегі сымдар мен тростың вибрациясын төмендету

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы келесі технологиялық міндетті шешу қажеттілігін хабарлайды:


Вибрация сөндіргіштерінің зақымдану себептерін зерттеу және сымдар мен найзағайдан қорғау тросының вибрациясын төмендету әдістерін әзірлеу.


220 кВ екі тізбекті әуе электр жеткізу желілерінде (бұдан әрі – зерттелетін ӘЖ) сымдар мен OPGW талшықты-оптикалық байланыс желісінің (бұдан әрі – найзағайдан қорғау тросы) вибрациясынан туындайтын елеулі мәселелер байқалуда.


Желдік жүктемелердің әсері төмен жиілікті де, жоғары жиілікті де вибрациялардың пайда болуына әкеліп соғады, нәтижесінде вибрация сөндіргіштердің жаппай істен шығуы орын алады. Бұл өз кезегінде сымдардың, найзағайдан қорғау тросының және бекіту элементтерінің жедел тозуына әкеліп, зерттелетін ӘЖ-дің жұмыс істеу сенімділігін төмендетеді.


Егер сізде немесе сіздің ғылыми тобыңызда осы міндетті шешуге арналған дайын шешімдер болса, ақпаратты foresight@kazscience.kz  электронды поштасына жолдауды сұраймыз.